«Бір қабатты Шығыс»: мыңнан астам үй салынды
2020 жылдан бері ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен аймақта «Бір қабатты Шығыс»өңірлік жобасы іске асырылып келеді.
ШҚО-да соңғы үш жылда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасының шеңберінде мыңнан астам үй салынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетсек, бағдарламаның негізгі бағыты - жеке инвестициялар есебінен, «офтейк-келісім шарттары» бойынша бір қабатты үйлер салу, кейіннен аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу.
Бағдарлама аясында 2020 жылдан 2022 жылдары
облыс бойынша, кейіннен сатып алу үшін жеке инвесторлар есебінен ауданы 98 мың м2. болатын 1 050үйлер салынды. Олар көпбалалы отбасылар, халықтың әлуметтік осал топтары, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларда сұранысқа ие мамандарға берілді.
Соңғы үш жылда сатып алу үшін облыстық бюджеттен12 млрд. теңгегежуық қаражат бөлінген. Баспанамен қамтамасыз етілгендердің ішінде: көп балалы отбасылар - 800, халықтың әлеуметтік осал топтары - 88, жетім балалар – 14, басқа да санаттағы кезекте тұрған адамдар – 148.
Тағы бір айта кететіні, бұл аймақтық жоба бұрынғы аудан орталықтарын да қамтыды. Үшжыл ішінде бұрынғы аудан орталықтарында көп балалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 63 үй пайдалануға берілген екен.
Сонымен қатар, 2021 жылы Тарбағатай ауданының шекаралық ауылдарында екі пәтерлі бес үй пайдалауға берілді.
Биыл қалалар мен аудандарда «офтейк-келісім шарттары» арқылы құны 4,1 млрд теңге болатын 265 бірқабатты үйлердің құрылысы жоспарланып отыр. Оның ішінде, ауылда тұратын 93 көп балалы, аз қамтылған отбасын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.