Алтайда жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысов баспасөз конференциясы кезінде айтты. Алтайда жалпы тұрғын үй құрылысына, соның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету сынды мәселелерге көп көңіл бөлінгені байқалады. Мәселен биыл ауданда әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы 60 отбасы жаңа тұрғын үйге ие болған. Сондай-ақ аудан орталығында 27 көп балалы отбасы, Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде 2 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады.
Қазіргі уақытта Алтай ауданы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 1164 адам тұр, оның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдерінің саны – 945 адам, көпбалалы отбасылар – 27.