eGov қызметін енді интернетсіз де қолдануға болады
Фото: depositphotos.com
Egov-тың бір емес, бірнеше қызметті интернетсіз алуға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі @qarzhylyq_sauat Телеграм-каналына сілтеме жасап.
Өмірде мынадай жағдай болуы мүмкін: сізге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін алу керек немесе жұмысқа орналасу үшін диспансерден анықтама қағазын алу қажет. Ал, телефонда тариф бітіп қалған, демде сала қоятын ақша да болмай тұр делік.
Қай мобильді қосымша мұндайда интернетсіз қызмет көрсетуші еді? Ешқайсы да!
Енді 15 қыркүйектен бастап бір емес, бірнеше қызметті интернетсіз алуға болады. Олар: eGov; eGov Business; eOtinish; Aitu.
Мысалы, eGov бұрын мемлекеттік қызметтің жүздеген түрін онлайн ұсынып, уақытымызды үнемдейтін. Енді телефондағы ақшаға да көз салмайтын болды.