Қазақстандықтарға білім құжаттарын eGov.kz порталында цифрландыру ұсынылады
Фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қазақстанда білім туралы құжаттарды цифрландыру қызметі іске қосылды. Енді eGov.kz порталында бұрын алынған мектеп аттестаты мен колледж дипломының цифрлық нұсқасын жасауға өтініш беруге болады. Бұл қызмет тек құжаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда қолжетімді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Қызмет «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)» қызметінің аясында қолжетімді.
- 1980-2023 жылдары берілген орта білім және техникалық-кәсіби білім құжаттарын цифрландыруға болады.
- Қызмет көрсету уақыты – 5 жұмыс күні.
Қызметті қалай алуға болады?
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
- «Азаматтарға» → «Білім» бөліміне кіріңіз.
- «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін таңдаңыз.
- «Онлайн сұрау» батырмасын басып, құжаттың түрін көрсетіп, сканерленген көшірмені тіркеңіз.
- Нәтижені жеке кабинетіңіздің «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен көре аласыз.
Қызмет ұсынылған деректер қате болған жағдайда көрсетілмеуі мүмкін.
Оқи отырыңыз