KZ
Өскемен
-9°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы Түркістанда басталды

12.09.2025, 18:00 254 Төлеуғазы Жансая

Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстанмен қатар Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қатысушылар Түркістанға пойызбен келіп, өңірдің басты мәдени-туристік нысандарында түсірілім жүргізеді. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі, көне Отырар қалашығы, Karavansaray кешені және этноауыл бар. Әр елден келген өнерпаздардың орындауларын халықаралық сарапшылар бағалайды.

Түркістандағы түсірілімнен кейін жоба еліміздің басқа өңірлерінде жалғасады. Шоу Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астанада өтеді. Финалдық кезең елордада ұйымдастырылмақ.

Voice Beyond Horizon жобасы Димаш Құдайберген мен Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасының бірлескен еңбегі. Арна мен оның Mango TV платформасын күн сайын 210 миллионнан астам көрермен көреді. Бұл Қазақстанның туристік әлеуетін әлемдік аудиторияға танытуға мүмкіндік береді.

Жобаға Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп отыр.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу