Елімізде халықаралық музыкалық реалити-шоу түсіріледі
Фото: kudaibergenov.dimash
Қыркүйек айында Қазақстанда Қытаймен бірлескен жаңа музыкалық реалити-шоудың түсірілімі басталады. Жобаның атқарушы продюсері – Димаш Құдайберген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, шоу Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге аспақ.
Жоба қыркүйектің 8-29 аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында түсіріледі. Шоу жүздеген миллион көрерменге ұсынылып, Қазақстанның әсем табиғаты мен мәдениетін паш етпек.
Айта кетейік, Димаштың Қытайдағы шығармашылық жолы он жыл бұрын Hunan TV арнасындағы «Singer» жобасынан басталған болатын. Енді ол сол арнаға халықаралық ауқымдағы музыкалық шоудың бастамашысы ретінде қайта оралып отыр.