Димаш Құдайберген "Еуровидениеге" қай елдің атынан баратынын айтты
"Димаш Құдайберген "Еуровидение" байқауына Ресейдің атынан қатысады". Ресей басылымдарында басылып, желіні желдей кезген бұл ақпаратқа әншінің өзі Инстаграм парақшасында жауап қатты.
"Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан!" – деп жазды Димаш.
Сондай-ақ Димаш алдағы уақытта жеке шығармашылық кеші өтетінін хабарлады.