KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялады

25.09.2025, 17:30 181 Ержан Әбіш

Қазақстанда 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Оның аясында еліміздің барлық өңірінде педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастама ұстаз мамандығын кеңінен насихаттап, оның қоғамдағы мәртебесі мен ерекше рөлін айшықтауға бағытталған.

Ұстаздық – тек мамандық емес, ұлы миссия. Педагогтер жас ұрпақты тәрбиелеп, елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, әр баланың өз жолын табуына жол сілтейді. Қазіргі таңда еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға 600 мыңнан астам мұғалім білім беруде.

Министрлік онкүндік аясында «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялады. Шараның мақсаты – әр балаға тәлім-тәрбие берген, тұлғалық қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс пен құрмет білдіру.

Челленджге кез келген адам қатыса алады:
* әлеуметтік желілерде #Ұстазыңдықұттықта және #ПоздравьУчителя хэштегтерімен құттықтау жариялау;
* өз ұстазыңызға қоңырау шалып, жылы лебіз білдіру;
* құттықтау хатын жіберіп, естеліктермен бөлісу.

Айта кетейік, Қазақстанда 2023 жылдан бастап Ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда аталып өтеді. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу