Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, оның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі сілтеме жасап.
– Бәріміз «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. «Достық – Мойынты» жолы – шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл Қазақстанның көлік-логистика жүйесін дамытуға, оның тиімділігін арттыруға зор серпін береді. Тарихымызға үңілсек, осыдан 35 жыл бұрын «Достық – Алашаңқай» жобасы іске қосылып, Қазақстан мен Қытайдың теміржолы тоғысқан еді. Бұл – еліміз үшін тарихи оқиға болды. Сол жолды салған ардагерлер бүгінгі жиынға қатысып отыр. Баршаңызға зор алғысымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Жолдауда айтылғандай, көлік-логистика саласының экономиканың қозғаушы күші әрі халықаралық байланысты нығайтатын негізгі фактор екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қытаймен тарихи достық пен сенімді серіктестікке негізделген ынтымақтастықтың одан әрі нығайып келе жатқанын жеткізді.
– «Бір белдеу, бір жол» бастамасы еліміздің мүддесіне толық сай келеді. Біз оны барынша қолдап, жүзеге асыруға белсене қатысып келеміз. «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі – соның айқын дәлелі, – деді Қ.Тоқаев.
Оқи отырыңыз
Қазақстан Президенті көлік-логистика саласындағы шектеулер мәселесін көтердіҚазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатын болдыПрезидент көлік-логистика саласындағы ахуалды сынға алдыҚазақстан Еуразиялық кеңістіктегі транзиттік әлеуетін нығайтып жатырАстанаға Татарстан мен Түрікменстаннан құрметті қонақтар келді