KZ
Өскемен
-13°
ясно жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Қазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатын болды

Фото: astana-akshamy.kz

1.09.2023, 12:01 598 Ләззат Қанатқызы

Көлік министрлігін қайта құрған жөн.

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет.

– Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады, – деді Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу