Шығыста ауыл шаруашылығы саласы қарқын алып келеді
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің агроөнеркәсіптік саласындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сапар барысында делегация алдымен Глубокое ауданының Опытное поле ауылында болып, егін жинау науқанының барысын бақылады. Шаруалар биылғы астық түсімінің тұрақты екенін, жаңа технологиялардың өнім сапасын арттыруға ықпал етіп жатқанын атап өтті.
Одан кейін министр мен облыс әкімі Шемонаиха ауданындағы “Камышинское” шаруа қожалығында болды. Ірі қара мал өсіріп, сүт өнімдерін өндіретін бұл қожалықтың ерекшелігі — мемлекеттік несие мен субсидиясыз жұмыс істеп, табысты шаруашылық жүргізіп отырғанында.
Айдарбек Сапаров аталған қожалықтың тәжірибесін жоғары бағалап, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны мен шаруалардың бастамашылдығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық тәсілдер мен еңбекқор шаруалардың үлесі едәуір артып келеді.
Қуаныш Рахметоллаұлы
Фото: Жібек Нұрахмет




