KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО шаруалары қаржылық қолдау құралдарын белсенді пайдалануы қажет

18.09.2024, 10:24 94 Айжанат Бақытқызы

Бұл туралы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесу барысында  Айдарбек Сапаров мемлекет тарапынан аграрлық секторды  қолдау мақсатында көрсетіліп отырған қаржылық қолдауды тиімді әрі белсенді пайдалану қажеттігін атап айтты. Оның ішінде «Кең дала 2» бағдарламасы бар. Ал аталмыш бағдарлама бойынша шығысқазақстандық шаруалардың көрсеткіші аса жоғары емес. Әзірше, аймақтағы шаруалар осы бағдарлама бойынша бөлінген 20 млрд теңгенің 5,6 млрд теңгесін ғана игерген. 

«Жаңа бағдарлама енгіздік. Алайда Шығыс өңірінде қаржыны игеру көрсеткіші төмен. Биыл қанша қаражат игерсеңіздер, сондай көлемде лимит қойылады. Тиісті қаржыны алу керек. Әрине, биыл жұмыстарды кеш бастадыңыздар. Енді өтінімдерді қазан-қараша айларында қабылдап, тиісті қаражатты желтоқсан айында бөлетін боламыз»,- деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, «Кең дала 2» бағдарламасы өңірлердегі шаруалардың  көктемгі егіс және күзгі астық ору жұмыстарына қаржылық  жағынан қолдау ретінде іске асырылған жоба болатын. Қазіргі уақытта аймақтағы билік өкілдері орта және шағын шаруашылықтарға бұл бағдарламаның тиімділігін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

                                                                                                                                                 Ажар Мұратқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив