KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығыс Қазақстанда күнбағыс жинау науқаны басталды

18.09.2024, 10:12 157 Айжанат Бақытқызы

Облыста дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталып, күнбағыс жинау науқаны басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Биыл облыста майлы дақылдардың егіс көлемі ұлғайған. Ол 223 мың гектарды құрайды. ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, науқан басталғалы күнбағыстың екі пайызы жиналып, әр гектардан 22 центнерден өнім алынды. 

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров күнбағыс жинау жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, министрлік басшысы Глубокое ауданындағы «Тамирлан и К» ЖШС егістік алқаптарын аралады. Аталған шаруашылық өз қызметін 2000 жылдары бастаған. Бүгінде үш мың гектарға жуық жерді игеріп жатыр. 

«Оның мың гектары күнбағыс, 600 гектары арпа, қалғаны жаздық бидай. Бір апта бұрын күнбағыс жинауды бастадық, қазірдің өзінде 500 гектардай жер орылды. Ылғалдылық деңгейі шамамен 12 пайызды құрайды. Бұл егін орудың оңтайлы көрсеткіші. Өнімдердің бір бөлігін кейін сату үшін сақтаймыз, ал бір бөлігін жергілікті май зауыттарына жібереміз», - дейді «Тамирлан және К» ЖШС басшысы Рустам Жамбусинов.

Ауыл шаруашылығы министрі республика бойынша дәнді дақылдардың 48 пайызы жиналғанын атап өтті. Егіннің уақтылы жиналуы мен тұқым сапасына ауа райы жағдайлары әсер етеді. Жалпы алғанда, өткен жылмен салыстырғанда орташа өнімділік гектарына бес центнерге артық. Шығыс Қазақстан облысында 215 мың гектар, яғни 84,6 пайызы орылды.

Сондай-ақ Айдарбек Сапаров Шемонаиха ауданы Рулиха ауылындағы тауарлы-сүт фермасында болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу