KZ
Өскемен
-36°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Шығыс Қазақстанда ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

8.10.2025, 15:37 240 Базарова Айгүл

Бүгін ШҚО жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің ветеринария саласында қызмет етіп жүрген бірқатар мамандарға мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл марапаттар – адал еңбектің және саланың дамуына қосқан зор үлестің мойындалуы. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін сақтауға елеулі үлес қосқан мамандарға берілді.

Марапатталғандар қатарында

  • Шығыс Қазақстан филиалының жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының меңгерушісі Гүлшира Уранова;
  • Республикалық ветеринариялық зертханасының Шығыс Қазақстан филиалының аға ветеринар дәрігері Венера Өмірзақова;
  • Зайсан аудандық зертханасының ветеринар дәрігері Гүлайым Әшекенова;
  • Республикалық ветеринариялық зертханасының Күршім филиалының санитар маманы Әлия Қабаева.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен Алтай аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі Қырмызы Тынжанова марапатталды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров атап өткендей, еліміздің ветеринариялық қызметі дәл осындай білікті мамандардың еңбегіне сүйенеді. Олардың кәсіби құзыреттілігі ауыл шаруашылығы жануарларының саулығына және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді.



Аударған: Айгүл Базарова

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу