KZ
Өскемен
-2°
пасмурно Штиль
504.49 587.73 6.57

Венгриялық қатысушы: “Құсбегіліктің нағыз рухы осында”

9.10.2025, 11:00 186 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында ұлттық дәстүр мен дала рухын дәріптейтін “Шығыс салбурыны-2025” халықаралық бүркітшілер фестивалі басталды. Үш күнге жалғасатын бұл шара — қыран құсты ұлықтап, қазақтың саятшылық өнерін әлемге танытатын айтулы мереке, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80-ге жуық бүркітші мен жеті мемлекеттің құсбегілері қатысып отыр. Барлығы 103 қатысушы өз шеберліктерін көрсетіп, қырандарының бабын сынамақ.

Дәстүрге айналған бұл шараға шетелден келген саятшылар да ерекше ықыласпен қатысуда. Мәселен, Венгриядан келген қатысушы Gergely Laszlo Bodis фестиваль туралы өз әсерімен бөлісті.

“Бұл жердің ең керемет тұсы – мен осында болғанда, ежелгі дәстүрдің рухын сезінемін, тіпті елес сияқты, білесің бе? Әрбір тас, адамдардың киімі, құстар – бәрі-бәрі ежелгі дәстүрмен тыныстайды. Мұндайды бізде, Венгрияда, онша сезіне алмайсың. Сондықтан бұл – қыраншылықтың атамекені, мен оны өз бойымнан сеземін,” – дейді ол.

Фестиваль аясында бүркітшілер қыранды қолға шақыру, шырға тарту, қоян мен түлкіге салу сияқты ұлттық сайыстарда бақ сынайды. 


Қуаныш Рахметоллаұлы

Фото: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу