ШҚО-да халықаралық Ақ таяқ күніне арналған концерт өтеді
depositphotos.com
Ертең Шығыс Қазақстан облысында «Таяқтағы тағдыр, жүректегі жарық» атты концерттік бағдарлама өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Концерт 15 қазан күні сағат 11:00-де зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың Шығыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасында (Новаторлар көшесі, 11/1) басталады.
Халықаралық Ақ таяқ күні – зағип және көзі нашар көретін жандарға деген құрмет, көмек пен мейірім күні, сондай-ақ олардың қажеттіліктері мен оларға қоғам тарапынан көрсетілуі тиіс назарды еске салатын мереке. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушылары мен жұртшылықтың назарын зағип жандардың өміріне аудару, инклюзивті ойлау мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Бағдарламада:
- көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандардың LED-экранмен сүйемелденген авторлық өлеңдерінің таныстырылымы;
- кітапхана қызметкерлері әзірлеген балаларға арналған «Мақта қыз» тактильді кітабының таныстырылымы;
- Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінің тартуы;
- Өнер мектебінің «Жұлдыз» көркемсөз үйірмесі оқушыларының Абай Құнанбайұлы шығармаларынан үзінді оқу;
- «Сезім формасы» атты шағын тактильді көрме – өнерді қолмен «көруге» мүмкіндік;
- ақ таяқты қолдану бойынша шеберлік сағаты өткізіледі.
Ұйымдастырушылар барлық қызығушылық танытқан азаматтарды – мектептерді, ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, қала мен облыс тұрғындарын іс-шараға шақырады.
Байланыс нөмірі: кітапхананың кітап беру бөлімінің кітапханашысы – Сайкенова А.Н., тел.: 8 771 435 16 91.