Зағип әйелдер зорлық-зомбылыққа үнсіз қалмауға шақырды
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Әйелдердің жарқын әлемі» әйелдер клубының ұйымдастыруымен «Үнсіз қалмаңыз, сөйлеңіз!» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шараға қатысушылар әйелдердің «Комплимент» және «Өзі туралы үш факт» жаттығуларына белсенді түрде қатысты. Бұл олардың сенімділігін арттырып, жағымды көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, шақырылған қонақтардың қатарындағы психолог мамандар психологиялық зорлық-зомбылықтың табиғаты мен одан шығу жолдары туралы құнды кеңестер берді. Қатысушылар бұл тақырыпты қызығушылықпен тыңдап, кейін зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелерін талқылауға белсене қатысты.
Кейбір әйелдер өз бастарынан өткен қиын жағдайларымен бөлісіп, өз тәжірибелерінен сабақ алуға болатынын айтты. Бұл әңгімелер қатысушылар арасында терең түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастырды.
Ақпараттық сағат мотивациялық цитаталарды тарату арқылы аяқталды, бұл нәзік жандылардың көңіл-күйін көтеріп, шабыт сыйлады.
Ақерке Рағызбаева
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасынан


