KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

15 қазан − халықаралық ақ таяқ күні

Бүгін, 14:00 0 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық «Ақ таяқ күні» аталып өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін бүкіл әлемде халықаралық «Ақ таяқ күні» аталып өтуде. Бұл зағип және нашар көретін адамдарға құрмет, көмек және мейірімділік көрсететін күн.  Атаулы күнге орай, ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Жан жылуы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

«Ақ таяқ күні» - халықаралық деңгейде тойланатын мереке. Біздің іс-шара өзіміздің оқырмандарымыз, зағип және көзі нашар көретін адамдарды сергітіп, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жылда біздің кітапханамыздың тұрақты оқырмандары ән салып, мерекелік кештерін өздері өткізетін, биыл олар мерекеге өздері қонақ болып келіп отыр, - деді ШҚО Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының қызмет көрсету секторының кітапханашысы Назым Көбенова.

 Мерекелік концертті  қалалық №3 орта мектебінен және №19 қосымша білім беру орталығынан келген өнерпаздар ұйымдастырды.


Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив