Өскеменде «Қараңғылықтың табалдырығын атта!» концерті ұйымдастырылды (Видео)
Өскемендегі ШҚ облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Қараңғылықтың табалдырығын атта!» деп аталатын зағип жандардың концертін ұйымдастырды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шарада Валентин Гаюидың өмірі мен шығармашылығы, оның сіңірген еңбектері айтылды. Сонымен қатар шығармашылықта, спортта және басқа да салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген аттары көпке мәлім зағип жандардың есімдері құрметпен аталып өтті.
Концерт барысында көру қабілеттері бұзылған оқырмандар өз шығармалық қабілеттерін мейілінше аша көрсетіп, әсем әндер шырқап, мың бұрала би билеп, өздері жазған өлеңдерін оқыды.
Зағип жандардың және кітапхана қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік шара жиналғандардың көңілдерін серпілтіп, өмірдің қиындықтарына мойымас жігер сыйлады.
Серік Құсанбаев