ШҚО-да көзі нашар көретін оқырмандар үшін аудио ертегілер шығарылды
Қоғамға пайда тигізіп, руханиятқа үлес қосу үшін үлкен жүрек, кең пейіл қажет. Ондай жандар біздің қоғамда аз емес. Бүгін солардың атқарған игі істерін көріп, танысып қайттық.
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Балалар – Балаларға» атты аудио-жобаның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жоба аясында ертегілердің арнайы тыңдармандарына жол тартуына Қазақстандағы Ресей елшілігі қолдау көрсеткен. Ал жобаны «St.ART» әлеуметтік – мәдени қоры және ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы жүзеге асырып отыр.
Бүгін тыңдарманына жол тартқан аудио ертегілерді «St.ART» сайтында және ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ақпараттық ресурстарынан тыңдауға болады. Сондықтан да аудио ертегілерге барлық тілек білдірген балалар, олардың ата-аналары мен өзге кітапханалар да қол жеткізе алады.
Енді ғана жарық көрген екі бірдей ертегінің тұсаукесеріне мұғалімдер мен ертегі кейіпкерлерін дыбыстап берген оқушылар да қатысып, марапатталды.