Шемонаиха ауданында әлеуметтік қорғау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
Шемонаиха ауданында әлеуметтік қорғау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Басқосуға мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен инклюзия саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қатысушылар барлық азаматтар үшін тең құқық пен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды қолдау, сондай-ақ аудан деңгейінде инклюзивті инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін талқылады.
Оның айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін білімнің қолжетімділігі, жұмыспен қамту және кедергісіз орта құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қабылданған қарар әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және инклюзия саласында өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Наргиз Еркінбекова
Фото: Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі




