Зайсанда зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті
2024 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы аясында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Нұрлыбекқызының төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық және ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, заң және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің өкілі, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының директоры қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы күрес шараларын күшейту және осы бағыттағы тиімді әдістерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түрін болдырмау және оның алдын алу шараларын нығайту болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тиімді жүргізу жолдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, болашақта осы тақырып аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Аталған акция аясында аудан көлемінде әртүрлі форматтағы кездесулер, семинарлар және ақпараттық жұмыстар өткізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар арқылы тұрғындар арасында зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық білім мен ақпарат тарату көзделген.