KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Активтерді сатудан 38 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС

17.10.2025, 16:30 164 Базарова Айгүл

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мәліметі бойынша, қазіргі таңда жалпы құны 51,1 млрд теңге болатын 163 актив саудалап, оның 38,2 млрд теңгесі арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларға — мектептер, ауруханалар мен инфрақұрылым нысандарын салуға бағытталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

E-Qazyna электронды платформасы арқылы барлығы 611 сауда өткізілген, олардың ішінде 116 актив сәтті сатылып, цифрлық сауда тетіктерінің тиімділігі мен ашықтығын көрсетті.

Сонымен қатар, 26 млрд теңге көлеміндегі 24 актив мемлекет меншігіне тегін берілді. Олардың арасында тарихи, мәдени және қоғамдық маңызы бар нысандар да бар.

– Компания өз жұмысын Мемлекет басшысы белгілеген қағидаға сай жалғастыруда: «Қайтарылған қаражат халық игілігіне жұмыс істеуі керек». Осылайша, әрбір теңге ел дамуына және азаматтардың әл-ауқатына бағытталуда, - дейді бас директор Қуанышбек Мұқаш.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу