KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Жыл соңына дейін шетке шығарылған 180 млрд теңге қайтарылады

Фото: egemen.kz

14.10.2023, 17:30 340

Былтырдан бері заңсыз шығарылған 857 млрд теңге елге қайтарылды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Cүлейменов айтты, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет былтырдан бастап қазірге дейін 857 млрд теңге қайтарды. Бұл сомада шетелден қайтарылған қаражат пен жылжымайтын мүлік те қамтылып отыр. Мәселен, ӨКМ Операторы ісі бойынша үкім шыққан болатын және оның аясында 180 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражаттың бір бөлігі жеңілдікпен автонесие беруге бағытталған еді. Жалпы, қайтарылған қаржы еліміздегі әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге жұмсалады, - деді Қанат Сүлейменов Amanat партиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол жыл соңына дейін қанша актив қайтарылуы мүмкін екенін айтты.

– Биылғы жылдың аяғына дейін тағы 180 млрд теңгені қайтару жоспарланған. Бұл сомаға шетелдегі ақша мен жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер кіріп отыр. Қазір бұл істер тергеліп жатыр, - деді агенттіктің өкілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу