KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Бес шетелдік азамат Қазақстанда террорлық шабуыл дайындаған

28.10.2025, 11:15 157 Базарова Айгүл

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық шабуылдың алдын алды. Олардың барлығы қазіргі таңда қамауда, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұдан бөлек, осы кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жалпы жыл басынан аталған бағыттағы қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдік азамат.


 


Фото: видео кескіндемесі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу