Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды
видеодан скрин
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, вице-министр қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қолға түскен. Сот санкциясымен ол қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.
Аталған бапқа сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Ақпарат: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз