KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы тұрғын ұсталды

Фото: ҰҚК

28.12.2023, 10:38 157 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленген.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соалды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген. Оған ресми сақтандыру жарияланған. Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады. Экстремистік мазмұндағы Интернет-ресурстарына кіруден бас тартуды, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қоюды ұсынады».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив