Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты
Өскеменде тұрғын үйде шыққан өрттен 15 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілген жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz.
Үшінші қабатта тұтанған тілсіз жаудан әп-сәтте үйдің ішін қою түтін басады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында 15 адам, соның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдай қызметкерлері жалынды 15 шаршы метр аумақта дер кезінде ауыздықтап, үлкен апаттың алдын алды.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖД мамандары тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі, бір сәттік бейқамдық үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.


