KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Көпқабатты үйден өрт шығып 12 адам құтқарылды – Өскемен

14.09.2022, 09:38 272

Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 12 адам құтқарылды, оның ішінде алтауы бала, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше сағат 21.29 шамасында Михаэлис көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінен өрт шыққан.

-        Оқиға орнына дереу арада өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп, қауіпті аймақтан 12 адамды құтқарды, оның алтауы бала. Сондай-ақ 9 тұрғын эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 6 бірлік техника мен жеке құрамнан 17 адам жұмылдырылып, жалпы 5 шаршы метр алаңда толығымен жойылды.

-        Өрт отты абайсызда қолданудан шыққан болуы мүмкін. Осы орайда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы бір еске саламыз. Үйлер мен пәтерлерде өрт шығуы мүмкін деген жағдайларды алдын алған жөн. Жанғыш материалдар мен қоқыстарды жинауға тыйым салынады. Өрт кезінде дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабар беру керек, - дейді жауапты органдар. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив