KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, З
504.6 594.27 6.48

Өрт кезінде 14 адам құтқарылды

10.05.2025, 10:00 538 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласындағы Г.Потанин көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қатты түтін салдарынан баспалдақ арқылы 20 тұрғын эвакуацияланды. Сонымен қатар, құтқару қалпақтарының көмегімен 14 адам, оның ішінде 7 бала, жану өнімдерімен уланудан аман алып қалынды.

Шақырту орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды 20 шаршы метр аумақта шектеп, оның әрі қарай таралуына жол бермеді.

Көміртегі тотығымен уланған пәтер иесіне оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу