Жолдау жүктеген міндет: Шығыс Қазақстан аудандарында жасанды интеллектіні дамыту тетіктері талқыланды
ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды Altainews.kz облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында аудан әкімі мен жергілікті атқарушы орган өкілдері Үлкен Нарын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 7 пайызға артты.
39 жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынып, шаруаларға 223 млн теңге мөлшерінде субсидия берілді.
Туризм саласында да оң серпін байқалып, 2025 жылы ауданға келген туристер саны 15 мыңнан асты.







