Алтай – туризмнің алтын бесігіне айналмақ
Өскеменде туризм мен мәдениеттің өзара сабақтастығын талқылаған дөңгелек үстел өтті. Шығыс Қазақстанның көрікті табиғаты мен бай мәдени мұрасы ел туризмін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауда. Өскемендегі облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта өткен «Туризм және мәдениет: қиылысар орны және даму болашағы» атты дөңгелек үстел осы мақсатқа арналды. Шара Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық қолдау және өңірлік туризмнің әлеуетін арттыру аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Жиынға туризм және мәдениет салаларының мамандары, өңірлік сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарында білім алып жүрген студенттер қатысты.
Туризм мен мәдениет – бір өзеннің қос саласы
Дөңгелек үстелде айтылғандай, қазіргі заманғы туризм тек демалыс пен көрікті орындарға саяхаттаумен шектелмейді. Ол елдің мәдени келбетін, дәстүрін, тұрмысын, рухани құндылығын әлемге танытудың пәрменді құралына айналды.
Қолөнер бұйымдары мен этникалық фестивальдар, ұлттық тағам түрлерін ұсыну, жергілікті шеберлер өткізетін шеберлік сағаттары шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын тудырып, өңірдің мәдени бейнесін айшықтай түспек.
Алтай – табиғат пен тарихтың түйіскен мекені
Шығыс Қазақстан туристік әлеуеті жоғары аймақтардың бірі саналады. Алтайдың көз тартар табиғаты, киелі жерлері мен көне жәдігерлері еліміз бен шетел қонақтарын бірдей баурайды.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Шығыс Қазақстанға келетін шетелдік туристердің саны айтарлықтай артқан. Бұл – өңірдің туристік имиджінің нығайып келе жатқанының айғағы.
Туристің көңілінен шығу – басты қағида
Туризм саласында сапалы қызмет көрсету – бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші.
Оның айтуынша, гастротуризм – туристік бизнестің маңызды тармағына айналып келеді. Қазақтың ұлттық асханасын тану арқылы елдің мәдени болмысын сезінуге болады.
Ұлттық тағам – рухани бренд
Шара барысында қатысушыларға ұлттық тағамдардың түрлері, олардың шығу тарихы мен әзірлену тәсілдері туралы кеңінен әңгімеленді. Қазақ дастарханының байлығы мен әр өңірге тән ерекшеліктері туризмді дамытудың маңызды мәдени бағыты ретінде атап өтілді.
Музей-қорық аумағында ұлттық тағамдар көрмесі де ұйымдастырылып, қонақтар бауырсақ пен қымыз, ет тағамдарының түр-түрінен дәм татты.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар туризм саласын дамытудың ғылыми және практикалық тетіктерін бірлесе зерттеу, жастарды осы салаға қызықтыру және өңірлік мәдениетті халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында ұсыныстар білдірді.
Шығыс Қазақстан – тек табиғаты әсем өлке емес, ол – рух пен тарихтың, мәдениет пен дәстүрдің түйіскен мекені. Алтайдың осындай мол қазынасын дұрыс таныта білсек, ол расымен де туризмнің алтын бесігіне айналары сөзсіз.
Серік Құсанбаев
Фото: Жалғас Сакадиев







