KZ
Өскемен
-16°
переменная облачность Штиль
510.18 601.91 6.51

Ерекше балалардың үйде оқыту шығындарын өтеу қызметі проактивті форматқа көшіріледі

17.11.2025, 14:30 135 Ержан Әбіш

Ел Үкіметі мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметін проактивті түрде көрсетуге бағытталған өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңашылдықтар бірыңғай деректер жинау форматын қалыптастыруға, қағаз түріндегі есептілікті азайтуға, қызмет көрсету ашықтығын арттыруға және процесті толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жобада төмендегі құжаттарға өзгерістер енгізу көзделген:
- 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрық – әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіру бойынша;
- 2016 жылғы 19 қаңтардағы №28 бұйрық – мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеуді тағайындау және төлеу жөніндегі әкімшілік деректер нысанын жаңарту бойынша.
Құжат 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға қолжетімді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу