Қолданыстағы уақыт белдеуі қайта өзгермейді
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясы барысында республикадағы тілшілерден «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары уақыт белдеуінің өзгеруіне, әсіресе, қыс мезгілінде күннің ерте батуына әлі күнге көңіл толмаушылық білдіруде. Қолданыстағы уақыт белдеуін қайта қарау жоспарда бар ма және бұл мәселе бойынша қандай шаралар қарастырылуда?» деген сауал қойылды.
Облыс әкімі уақыт белдеуіне қатысты сұраққа біріншіден, «жаңа уақыт» бойынша өмір сүріп жатқанымызға шамамен екі жылдай уақыт болғанын (1 жыл 8 ай), өзгеріссіз қалатынын жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Иә, кез келген өзгеріске бейімделу үшін уақыт қажет екенін түсінеміз. Сондықтан біз өз тарапымыздан облыстағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс кестесін 8:00-ден 17:30-ға дейін етіп қайта қарастырдық. Тұрғындар бұл режимге үйренді...
Бұл мәселеге Президентіміз Ұлттық құрылтайда нақты әрі толық жауап берді. Бір сөзбен айтқанда, мәселенің нүктесі қойылды. Бізге елдің бірлігі мен біртұтастығы керек. Сондықтан, сұрақты одан әрі саясиландыра берудің қажеті жоқ деп санаймын! – деді Нұрымбет Аманұлы.
Дәурен Аллабергенұлы