Президент: Уақыт белдеуі бойынша нақты ұсыныстар дайындалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып, әртүрлі пікір туғызуда.
Президенттің айтуынша, Үкімет Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуінде болуы қажет деген ұстанымда. Бұл позиция Барселона декларациясымен үндес, онда уақыт белдеулерін ауыстыруға немесе жазғы және қысқы уақытқа көшуге әуестенбеу керектігі айтылған. Алайда, Мемлекет басшысы азаматтардан бұл мәселеге қатысты көптеген өтініштер түсіп жатқанын атап өтті.
–Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Сондықтан Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін,- деді Президент.
Оқи отырыңыз
Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуі: Қытай тәжірибесі және ықтимал артықшылықтарОлжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды (видео)Той тойлап жүретін уақыт емес - Қасым-Жомарт ТоқаевБірыңғай уақыт белдеуіне көшудің әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденгенЕлімізде біртұтас уақыт белдеуі құрылады