KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Туристік нысандарға апаратын 2 мың шақырымға жуық автожол жөнделеді

t.me/qazavtojol

15.06.2024, 17:00 260 Назерке Каримова

Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» тасжолы бар.

Сондай-ақ, өңірдегі 4 көпір күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰҚ ақпаратына сүйеніп.

– Отандық туризмді дамыту мақсатында еліміздің туристік нысандарына баратын автомобиль жолдарын жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Екі жылдың ішінде демалыс орындары мен көрнекі жерлерге қарай баратын 2 мың шақырымға жуық жол жөндеуден өтеді,  –  деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.


Шығыс Қазақстанда «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» тасжолының 0-45, 110-140, 151-186, 199-203, 205-207, 211-214, 366-399 шақырымы аралығындағы жол учаскесі жөнделеді. Сондай-ақ, 4 көпір күрделі жөндеуден өтеді. Катонқарағай ауданында «Катонқарағай» ұлттық паркі және «Рахман қайнары» шипажайы бар.

Ақмола облысында «Астана-Қорғалжын» жолының 19-58 шақырымы аралығында орта жөндеу жұмыстары өтеді. Бұл жол «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығына барады.

 Ал Алматы облысыда «Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-Көлсай к. баратын жол» автожолының 3-24 шақырымы, «Көкпек-Кеген-Түп» жолының 26-41, 68-88 шақырымы аралығында орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл бағыт бойынша «Көлсай» ұлттық паркіне және Қайынды, Көлсай көлдеріне баруға болады.

Сонымен қатар, «Сарыөзек-Көктал» автожолының 0-45, 110-141, 142-178 шақырымы жөнделіп, «Алтынемел» ұлттық паркіндегі «Айғай құмға» баратын жолдың жағдайы жақсармақ.

Жетісу облысында Алакөл көлі мен «Алакөл» қорығына баратын «Үшарал-Достық» жолының 0-2,9 шақырымы аралығындағы жол учаскесі жөнделеді.

Батыс Қазақстан облысында Жәңгір ханның резиденциясына апаратын «Хан Ордасы ауылына кіреберіс» автожолының 0-21 шақырымы аралығында жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Қарағанды облысы бойынша туристерге «Қарқаралы» ұлттық паркіне бару үшін «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» жолының 17-60, 60-102, 130-163, 175-185, 207-217, 249-265 шақырымы аралығындағы жол учаскесі жөнделеді.

 Павлодар облысында «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск» тас жолының 100-105 шақырымы күрделі жөндеуден, ал 82-91, 94-99, 221-231 шақырымы орта жөндеуден өтеді. Бұл бағытта «Баянауыл» ұлттық паркі бар.

Түркістан облысы бойынша «Самара-Шымкент» жолының 2186-2216 шақырымы орта жөндеуден, 2056 шақырымдағы айналма жолы күрделі жөндеуден өтпек. Бұл бағытта Сауран қалашығы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу