KZ
Өскемен
-42°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Полиция ескертеді: инвестиция саласындағы алаяқтардан сақ болыңыз

12.01.2026, 14:00 117 Ержан Әбіш

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарды инвестициялық алаяқтықтан сақ болуды ескертеді. Соңғы уақытта интернет арқылы түрлі жобаларға ақша салу сылтауымен жасалатын алаяқтық оқиғалары жиілеген, деп хабарлайды Altainews.kz.

Алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнесін қолдана отырып, азаматтарды жалған инвестициялық жобалар мен қорларға ақша салуға сендіреді. Олар жылдам әрі табыс табу туралы жалған уәде береді. Жалған брокерлер байланыс кезінде мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелер арқылы өту немесе «инвестиция», «аккаунтты іске қосу», «пайданы арттыру» деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына ақша аударуды ұсынады.

Көп жағдайда ақша аударылғаннан кейін алаяқтар байланысын үзеді, ал уәде етілген пайда түспейді. Кейде олар «салық», «комиссия» немесе «сақтандыру жарналары» төлеу қажет деп қосымша қаражат алуға әрекет жасайды.

Осыған байланысты ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды мына қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

- Кепілдік берілген табысқа уәде ететін ұсыныстарға сенбеу;
- Белгісіз адамдар мен күмәнді шоттарға ақша аудармау;
- Күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген қосымшаларды орнатпау;
- Компания туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер мен мемлекеттік тізім арқылы тексеру;
- Инвестиция салуды жоспарлағанда нарықты мұқият зерттеп, тексерілген компаниялардың ресми кеңселеріне жүгіну.

Егер сіз интернет-алаяқтық құрбаны болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпарат білсеңіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына немесе 102 нөміріне дереу хабарласыңыз.

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды онлайн қаржылық операцияларда барынша сақ болуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу