KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Қорғаныс министрлігі әскерилердің психологиялық денсаулығын нығайтпақ

10.11.2025, 12:30 73 Базарова Айгүл

Қорғаныс министрлігінде «Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер, консультанттар және психотехнологтар ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлескен жұмыс әскери ұжымдардағы суицид пен лудоманияның алдын алу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ әскери психологтардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталмақ.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев, Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер, консультанттар және психотехнологтар ассоциациясының президенті Владимир Савкин, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Авершин, Қорғаныс министрлігі профильді департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев және ведомствоның басқа да өкілдері қатысты.

Кездесу барысында вице-адмирал Серік Борамбаев әскери қызметшілердің психологиялық жағдайына қамқорлық көрсету армияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Әскери қызметшілердің психологиялық әл-ауқаты олардың жауынгерлік дайындыққа, моральдық тұрақтылыққа және жалпы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Суицидтік көріністер мен лудоманияның алдын алу жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуі қажет», – деді ол.

Константин Авершин де алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, нақты нәтижелерге бағытталуы керегін айтты.

Психотерапия мен суицидология саласындағы тәжірибесін бөліскен ассоциация президенті Владимир Савкин мамандар күш біріктіріп жұмыс істеген жағдайда әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету және алдын алу шараларының тиімді әдістері әзірленетініне сенім білдірді.

Ынтымақтастық туралы меморандум Қарулы күштерде психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру және моральдық-психологиялық ахуалды нығайту бағытындағы маңызды қадам болып саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу