Найзағай, бұршақ. 10 маусымға ауа-райы болжамы
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Бесқарағай ауданында өрт қаупінің өте жоғары деңгейі болжанып отыр.
- Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет: Мүмкіндігінше ғимараттың ішінде найзағайдың біткенін күтіп, терезелерді тығыздап жабыңыз, найзағай мен дауыл кезінде оларға жақындамаңыз. Балкондардан және жеке үйлердің аумақтарынан жел алып кетуі мүмкін заттарды алып тастаңыз. Егер көшеде жүрсеңіз, жақын маңдағы ғимаратқа тығылыңыз. Билбордтардың, аялдамалардың, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артында тұрмаңыздар, - дейді төтеншеліктер.