KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

"Музей түні" Өскеменде де өтті

18.05.2021, 15:00 258

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Музей түні" атты онлайн іс-шара өтті.
Шараның негізгі бөлігі  – "Алаш асылдары" графикалық портрет байқауы болды. Бұл байқау Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына, Алаш үкіметінің көшбасшысы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналды. Байқау жоғары деңгейде өтті. Қысқа уақыт ішінде Өскемен, Семей, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарынан он жеті қатысушы отыз  портретті (акварель, пастель, тушь, қауырсын, гуашь, аралас техника) және эстамп және баспа техникасында трафаретті салды. Байқауға "Жаңғыру" шығармашылық бірлестігінің және суретші Н. П Аштеманың студиясының жас авторлары, сондай-ақ, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері қатысты.

- Көрмеден көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының көшбасшысы  Әлихан Бөкейханов, дәрігер Халел Досмұхамедов, жазушы, саяси қайраткер Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Жүсіпбек Аймауытов, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов сынды бір қатар Алаш ардақтыларының асыл бейнесін өзгеше қырынан танисыз, - дейді Өнер музейінің қызметкері Толқын Тетепова. 

Көрме барысында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтың 85 жылдық мерейтойы да атап өтілді. Жастар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, марапатталды.
 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу