Көкпектіде сотталғандарды ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіп жатыр
Көкпекті ауданының тұрғыны М. Зайсан көлінің балық аулауға тиым салынған «Мацко» телімінен әр-түрлі балықты ұстағаны үшін істі болып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Осылайша ШҚО бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық № 1 пробация қызметіне есепке алынған.
- Пробация қызметінің есебіне алу барысында сотталған М.-нің жеке басын және өмірлік жағдайын зерттеуге арналған картасын толтыру барысында, оның тұрақты жұмысы жоқ екенің анықталды. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына сәйкес пробация қызметімен сотталған М. қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарлама құрастырылып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жолданды. 10 күн өткен сон сотталған М. ақылы қоғамдық жұмыстарған жіберілді. Қазыргі уақытта М. жұмысын істеп сотпен тағайындалған жазасын өтеп жатыр, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД № 1 Көкпекті аудандық пробация қызметі.