KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

ШҚО полицейлері аз қамтылған отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлап қайтты

10.05.2021, 11:50 365

Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Сакиджановтар отбасына барып, мерекелік көңіл күй сыйлап қайтты.

Ағасының балаларын бауырына басқан Өскемен тұрғыны қазіргі уақытта отбасында екі оқушыны тәрбиелеп өсіруде. 8-сыныпта оқитын Руслан оқуда озат, ал 10-сыныпта оқитын Карина спортта үздік екен, волейболмен айналысады.

- ШҚО Полиция департаменті қарияларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Үлкендерге септігімізді тигізіп, батасын алып, балалардың жылы жүзінен жымиған күлкі біз үшін бір бақыт,- деді Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанболат Абдрахманов, 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу