KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

7 мамырда ШҚО-да найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін

6.05.2021, 15:48 165

Қазгидромет РМК ШҚ филиалының деректері бойынша 7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с күшейеді.

-   Өскемен және Семей қалаларында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.ШҚО ТЖД азаматтарға өте мұқият болуды ұсынады. Найзағай кезінде мүмкіндігінше  үйде  болыңыз, терезелерді тығыз жауып, қуаттауышттарды электр көздерінен ажыратыңыздар. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыздар, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив