KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Қауіпті жол учаскелеріне LED-экрандар орнатылды

15.02.2021, 17:59 225

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы қауіпті учаскелерге LED-экрандар орнатылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауы және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қауіпті учаскелерге бес LED-экран орнатылды. «Онда жүргізушілер елді мекендерден шығар алдында жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы соңғы ақпараттармен таныса алады. LED-экрандар «Өскемен – Алтай», «Омбы – Майқапшағай», «Өскемен – Риддер» тасжолдарына қойылған», - делінген хабарламада. 

Өткен айда өңір аумағында 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 12 адам көз жұмып, 82 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Осы ретте, ШҚО полицейлері жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімінен (77-60-05 байланыс нөмірі арқылы) және «Қазавтожол» ЖШС-дан (телефон нөмірі: 26-28 -08), «Облысшығысжол» ЖШС-дан (телефон нөмірі: 57-42-52) білуге болатындығын ескертеді.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив