KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да бүгін жаяу бұрқасын соғады

24.10.2019, 05:04 153

ШҚО Төтенше жағдай департаменті қауіпті метеорологиялық құбылыстар жайлы ескерту жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Қазгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша, 24 қазанда жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/ дейін күшейеді.

Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте солтүстік және шығыс аймақтар арқылы атмосфералық бағыттар өтеді, соның нәтижесінде жауын-шашын мен көктайғақ болып, тұман түседі екен.

Осыған орай ШҚО полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне тас жолдарда қойылған шектеулер жайлы алдын ала біліп отыруды ескертеді. Республикалық маңыздағы тас жолдар туралы 26-28-08 телефон нөмірі арқылы, облыстық маңыздағы тас жолдар туралы 57-42-52 нөмірі арқылы білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив