KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Жоғалған жасөспірім туған анасының үйінен табылды - Өскемен

19.01.2021, 11:54 163

13 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында Өскемен қаласының полиция басқармасына «Жасөспірімдер үйі» КММ қызметкерінен 13-і қаңтар күні шамамен таңертеңгі сағат 09.00-де 17 жасар жасөспірім баланың мекемеден кетіп қалып, әлі күнге дейін оралмағандығы туралы хабарламасы келіп түсті.

Полиция қызметкерлері ер баланың орналасқан мекен-жайын анықтауға қатысты жедел-іздестіру шаралары барысында оның туған-туысқаны, достары мен таныстарының мекен-жайларын тексерді.

Көшелер, аулалар, жалға берілетін пәтерлер мен басқа да қоғамдық орындарды тінтіді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 18 қаңтарда шамамен таңғы сағат 05.00-де жоғалған жасөспірім өзінің туған анасының үйінен табылды. Бұдан бұрын полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған «қашқынның» анасының үйінің жанында кезекшілік ұйымдастырған еді.

- Тексеру барысында анықталғаны, жасөспірімнің анасы ата-ана құқығынан айырылған, ал әкесі қайтыс болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен ер бала «Жасөспірімдер үйі» КММ заңды өкіліне тапсырылды. Олардың айтуынша, бұған дейін ол бірнеше рет қашып кеткен. Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері заңды өкілмен және жасөспіріммен кезекті профилактикалық сұхбат жүргізді, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал өз кезегінде, «Жасөспірімдер үйі» КММ заңды өкілі полиция қызметкерлеріне көрсетілген көмектері үшін зор алғысын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив