Өскемен гарнизонында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті
Өскемен гарнизоны әскери бөлімінің саптық алаңында ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді.
Ел тарихында ерен орны бар өсер ұрпаққа өнеге болатын, халқының мүддесіне қызмет еткен Елбасының көптеген мақалалары мен қанатты сөздерінен қысқаша баяндама оқылды. Мерекелік жиында әскери қызметшілер атқарған қызметтерінің нәтижесіне сәйкес көтермеленіп, гарнизон бастығы подполковник Аслан Кітапбаев мырзаның қолынан марапаттар мен алғыс грамоталарын, сонымен қатар бірнеше әскери қызметшілер кезекті әскери атақ алды.
Ел дамуының тарихында өлшеусіз үлес қосқан тұғыры биік Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті күні мерекесі әрбір әскери қызметші үшін өзіндік ерекшелігімен есте қалары сөзсіз.