KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность Штиль
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ тікұшағы көтерілді

21.12.2025, 12:00 127 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты санитарлық авиация қызметі жұмылдырылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» мекемесіне қарасты Ми-8 санитарлық авиация тікұшағы «Өскемен – Самар – Өскемен» бағыты бойынша шұғыл ұшуды жүзеге асырды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Әуе операциясы болашақ ананың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталып, жедел түрде ұйымдастырылды. Тікұшақты ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Руслан Агламбеков пен Леонид Калеканов басқарды. Экипаж құрамында санитарлық авиация дәрігерлер бригадасы — Марат Куксегенова, Татьяна Сергеева және Рим Меңдібаева болды. Мамандар ұшу барысында науқасқа қажетті медициналық көмекті үздіксіз көрсетті.

ТЖМ экипажы мен медицина қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел іс-қимылының арқасында жүкті әйел Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге дер кезінде әрі аман-есен жеткізілді.


Видео: ШҚО ТЖД

Фото: видео кескіндемесі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу