KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
524.66 550.21 5.09

ШҚО-да Balkaragai Tunes халықаралық музыка фестивалі өтті

11.07.2022, 09:25 208

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында шығармашылықпен рухтанған, Алтай әуендерін әуелеткен өнерпаздардың басы қосылатын Balkaragai Tunes халықаралық музыкалық фестивалі өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Түркі әлемінің бесігі саналатын Ұлы Алтайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар Катонқарағай өзінің ежелгі табиғи сұлулығы сүйсіндірер киелі мекен.

Оның үстіне, Катонқарағай – түрлі діндер мен нанымдардың, өткеніміз бен бүгініміздің, әртүрлі этностар мен дәстүрлердің үйлесімділігін сақтап қалған.

«Фестиваль жұлдыздары ODUCHU (Тува), еліміздің танымал этномузыканты Еділ Хусайынов және модерн-этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды», – делінген хабарламада.

Іс-шара барысында түркі әлемінің ғасырлық музыкалық және поэтикалық дәстүрлері, кемеңгер туындылар орындалды.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу