KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Құрбан шалуды айт намазынан кейін бастау керек – имам

7.07.2022, 16:49 262

Құрбан айт мерекесі осы жылы 9, 10, 11 шілде күніне түсіп тұр. Қасиетті мерекеде тұрғындар айтшылап, құрбан шалып, мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасайды.
Айт намазы биыл ШҚО бойынша сағат 07.00-де басталса, құрбан шалу рәсімі сағат 8.00 -де басталады. 

- Шариғат бойынша құрбан шалу рәсімі айт намазынан кейін басталады. Айт намазына дейін шалынған құрбандық құрбандық болып есептелінбейді. Құрбан айтқа дейін қойын сойып тастайтындар болады. Ол негізі дұрыс емес. Сондықтан Айт намазынан бастап үш күн - ақшам намазына дейінгі уақытта шалынуы тиіс, – дейді «Халифа Алтай» мешітінің наиб-имамы Дәулет Қабидолдин.

Коронавирус пандемиясына байланысты онлайн, яғни уәкіл арқылы да құрбан шалуға болады. Ол үшін ҚМБД Qurban2022.kz сайтын іске қосты. Облыстағы арнайы алаңдарда сайт арқылы құрбандыққа тапсырыс берушілердің малдары сойылады. Құрбандық шалу рәсімі фото мен видеоға түсіріліп, тапсырыс берушілерге есеп беріледі. 

- «Халифа Алтай» мешітінде мұқтаждардың бірыңғай базасы жинақталған. Соның негізінде Құрбан айттың екінші күні сағат 14.00-де етпен бірге азық-түлік себепттері қоса таратылатын болады.  Бүгінде сайт арқылы қайырымдылық алам деген 60 кісі, құрбан шалам деген 6 адам өтініш білдірді. Жалпы аймақ бойынша 437 отбасы мұқтаждар қатарында, - дейді ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы бойынша өкілдігінің өкілі Берік Кәдірұлы.

Құрбан шалғанда не нәрсеге мән беру керек?

- Малдың күйіне қарау керек. Қой, ешкі малы 1 жастан асқан болуы керек. 6 айлық қозы болса, оның күйі 1 жасар қойдың деңгейіндей болу қажет, яғни шамамен 20-23 кг ет беруі керек;

- Құрбан шалушының пышағының өткір болуына аса мән беруі керек;

- Құрбан шалғаннан кейін шалған құрбандықтың терісі, бас-сирағы мен ішек-қарынын да дұрыс пайдалануына назар аударуы керек. Яғни, құрбандық шалған осы екен деп, қалған етін алып, қалғанын шашып кеткен болмайды. Дініміз де мұны құптамайды, - деп қосты «Халифа Алтай» мешітінің наиб-имамы  Дәулет Қабидолдин. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу